Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Халықтың алтын діңгегі

Халықтың алтын діңгегі

Елбасы Н.Назарбаев "Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы" дегендей тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болсада қастерлі, құдыретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: "Ана тілі – халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына". Жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады.
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі – оның бақытымен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңінен толғап: «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
А.БЕГІМБАЙҰЛЫ,
Қазалы АПб кадр саясаты тобының инспекторы
полиция майоры
30 наурыз 2021 ж. 1 494 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930