Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция жобасындағы түбегейлі жаңа тұстар баяндалды

Жаңа Конституция жобасындағы түбегейлі жаңа тұстар баяндалды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» аумақтық коалициясы жұмысы аясында түрлі сала өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда. Кезекті кездесу аудандық кітапхана ұжымымен және азаматтық сектор өкілдерімен өтті.

Жиында жаңа Конституция жобасындағы түбегейлі жаңа тұстар баяндалды. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің иесі – Қазақстанның біртұтас халқы екені нақты көрсетілді. Бұл туралы коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш айтты.

«Конституция билік пен егемендіктің қайнар көзі – халықты нақты анықтай отырып, тәуелсіз мемлекеттің негізін нығайтады. Бұл қағида азаматтардың ел тағдырындағы шынайы субъектілігін бекітеді. Ұлттық валюта ретінде теңге, сонымен қатар ұлттық рәміздер экономикалық және саяси егемендіктің маңызды элементіне айналады. Мемлекеттің біртұтас сипаты және оның аумақтық тұтастығы елдің бөлінбейтінін және мемлекеттік құрылымның тұрақтылығын айқындайды», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Коалиция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев азаматтық қоғам мен азаматтардың құқықтарына тоқталды. Ол мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығының негізгі азаматтық құқық ретінде бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа Конституция азаматтардың тікелей және өкілдер арқылы мемлекеттік іс-шараларға қатысу мүмкіндігін нақты кепілдендіретінін түсіндірді.

Кездесуге қатысушылар жаңа Конституциядағы ұсынылған бастамалар бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
19 ақпан 2026 ж. 251 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 124

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 112

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30