Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар арбасымен қоғамдық көлікке мінуге бола ма? Министрлік жауап берді

Балалар арбасымен қоғамдық көлікке мінуге бола ма? Министрлік жауап берді

istockphoto
Көлік министрлігі автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы желіде тараған мәлімдемелерді жоққа шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz. 
Министрлік қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайтынын еске салды.
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.
"Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған. Егер ата-анаға балалар арбасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын арбаны жайылған күйінде жалғастыра алады. Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген", - деп мәлімдеді Көлік министрлігі.


15 қараша 2026 ж. 39 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 123

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 110

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30