Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аумақтық коалиция жаңа конституция жобасын түсіндіру жұмыстарын бастады

Аумақтық коалиция жаңа конституция жобасын түсіндіру жұмыстарын бастады

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аумақтық коалиция өкілдері жаңа Конституцияның мазмұнын таныстырып, ұсынылған өзгерістердің бағыт-бағдарын түсіндіруге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бастады.

Алғашқы кездесу Қазалы көлік-техникалық колледжінде оқытушылар мен дауыс беру құқығы бар студенттердің қатысуымен өтті. Іс-шараға аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш және коалиция мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев пен Талғат Әліпбаев қатысты.

Жиында ең алдымен аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш жаңа Конституция жобасының дайындалу барысы мен оның маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекет басшысының 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдум өткізу туралы Жарлығынан кейін жаңа Конституция жобасы ресми жарияланып, оны әзірлеуге алты ай бойы депутаттар, сарапшылар, қоғам өкілдері мен ғылыми қауымдастық атсалысты. Қоғам тарапынан түскен ұсыныстар e-Otinish және eGov порталдары арқылы қабылданды. Осы жүйелі жұмыстың нәтижесінде теңгерімді әрі жан-жақты жоба қалыптасып, оны халыққа түсіндіру үшін жалпыұлттық коалиция құрылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Сондай-ақ коалиция мүшелері қолданыстағы және жаңа Конституцияның негізгі айырмашылықтарын түсіндірді.

«1995 жылғы Ата Заң мемлекеттіліктің іргетасын қалағанымен, жаңа Конституция жобасы заман талабына сай айтарлықтай өзгешеленеді. Ол қазіргі геосаяси жағдайды, қоғамның әділеттілік пен жаңару талабын ескере отырып, жаңа қоғамдық келісім мен мән-мағыналарды енгізеді. Адамға бағдарланған сипатқа ие, ұлттық болмыс пен тарихи жолға, қоғам құндылықтарына басымдық береді. Қолданыстағы Конституцияның кеңестік дәуір мұрасы екенін ескерсек, жаңа жоба құрылымдық тұрғыдан жаңартылып, Преамбуладан, 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Оған «Қазақстан Халық Кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деген екі жаңа бөлім енгізілген», – деді коалиция мүшелері.

Сонымен қатар, негізгі саяси жаңашылдықтардың бірі ретінде 145 депутаттан тұратын, жаңа әрі кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы «Парламент» – Құрылтайдың құрылатыны, оның пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптасатынын және депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болатынын айтты.

Кездесу соңында қатысушылар Конституциялық өзгерістерге оң көзқарас білдіріп, құжатты референдум арқылы қабылдау маңызды екенін атап өтті.
16 ақпан 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728