Бүгін елдің орталық аумағындағы қалаларда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 15 қарашада Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, түнде Көкшетау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қарағанды облысында экологиялық ахуал күрделі, аймақта ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тараған.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық талаптарды орындамаған 16 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.









