Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі өткен сенбілік барысында Әйтеке би, Жанқожа батыр және Желтоқсан көшелерінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, көше бойындағы қоқыстар жиналып, бей-берекет өскен шөптер шабылды. Сонымен қатар қоғамдық орындар мен көше аумақтары ретке келтірілді.
Жалпы сенбілік жұмыстарына 143 мекемеден 2456 адам және 6 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 15,5 тонна қоқыс шығарылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов орталық көшелердегі сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап, тазалық жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында кент әкімі мен жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Айта кетейік, бүгінгі аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары Қазалы мәдени-демалыс кешені аумағында «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясына жалғасты.