Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аумақтық коалиция өкілдері Ақсуат ауылында жаңа Конституция жобасын түсіндірді

Аумақтық коалиция өкілдері Ақсуат ауылында жаңа Конституция жобасын түсіндірді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясы Майлыбас ауылдық округінің орталығы Ақсуат ауылына барып, жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын ауыл тұрғындарына таныстырды.

Коалиция өкілдері 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңыздылығына ерекше тоқталып, Конституциялық реформаның азаматтардың нақты қажеттіліктері мен қоғам мүддесіне негізделгенін айтты.

Коалиция жетекшісі Әліш Ғазиз жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекіту екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол құжатта егемендік пен тәуелсіздіктің, сондай-ақ елдің аумақтық тұтастығының өзгермейтін құндылықтар қатарында екенін мәлімдеді.

«Ұсынылып отырған түзетулер еліміздегі саяси жүйені жүйелі түрде жаңғыртудың заңды әрі логикалық жалғасы болып табылады. Қазіргі заман талабына сәйкес жаңа қоғамдық келісім мен жаңа мән-мағыналарды бекіту қажет. Сол себепті жаңа Халықтық Конституция жобасы ұсынылды. Оның басты ерекшелігі – адам құқықтарын басты ұстаным ретінде алуында», – деді коалиция жетекшісі.

Коалиция өкілдері референдумды әр азаматтың ел болашағына қатысуына мүмкіндік беретін тарихи сәт деп сипаттап, тұрғындарды жаңа Конституция жобасын қолдауға және белсенді түрде дауыс беруге шақырды.

Ауыл тұрғындары өз кезегінде жаңа Ата Заңның ел үшін маңыздылығын атап өтті.
19 ақпан 2026 ж. 251 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 124

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 112

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30