Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басықарада жаңа Конституцияның маңыздылығы түсіндірілді

Басықарада жаңа Конституцияның маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері Басықара ауылында тұрғындармен кездесті. Кездесуге аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш және коалиция мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев, Әбдуәли Рахметов, Арғын Орымбаев және Әділбек Сарабеков қатысты.

Коалиция жетекшісі тұрғындарға жаңа Конституцияның негізгі жаңалықтарын таныстырып, оның адамға бағдарлану идеясына негізделгенін атап өтті.

«Адамға бағдарлану – мемлекеттің де, Конституцияның да өзегіне айналған басты идея. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі – Қазақстанның біртұтас халқы екені айқын көрсетіледі. Адам құқықтары мен бостандықтары тек Преамбулада емес, бүкіл Конституцияның мағыналық өзегі мен басым бағыты ретінде қарастырылған», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Коалиция мүшелері жаңа Конституция азаматтардың жеке және цифрлық деректерін қорғауды күшейтетінін, кінәсіздік презумпциясы мен әділ сот талқылауын қамтамасыз ететінін айтты. Жоба азаматтарды күнделікті өмірде озбырлықтан қорғауға және олардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін нығайтуға бағытталған жүйе қалыптастырады.

Ауыл тұрғындары жаңа Конституцияның қоғам бірлігін нығайтып, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететінін атап өтіп, осындай кездесулер арқылы оның нормаларын халыққа кеңінен түсіндірудің маңыздылығына тоқталды.
17 ақпан 2026 ж. 45 0

Дертке дауа дарытқан

17 ақпан 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728