Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарына Конституция жобасындағы өзгертілген бағыттар түсіндірілді

Ауыл тұрғындарына Конституция жобасындағы өзгертілген бағыттар түсіндірілді

Жаңа Конституцияның негізгі басымдықтарының бірі – Қазақстанның ұзақмерзімді дамуы үшін цифрландыруды дамыту. Бұл туралы бүгін Жалаңтөс батыр ауылына арнайы барған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалиция мүшелері мәлімдеді.
Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуге аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш және коалиция мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев, Әбдуәли Рахметов, Арғын Орымбаев және Әділбек Сарабеков қатысып, жаңа Конституция жобасындағы ауыл үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған цифрландыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін қарады.

«Жаңа Конституцияда қарастырылған цифрландыру ауылдық жерлерде дамып, қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтып, тұрғындардың мемлекеттік әрі әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдетеді. Сонымен қатар, елде жергілікті өзін-өзі басқару институты енгізіледі, ол халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетінше шешуге, мәслихаттар арқылы өз өңірінің өміріне белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді. Барлық осы мүмкіндіктер жаңа Ата Заң жобасында ресми түрде бекітілген», – деді аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш

Коалиция өкілдерінің айтуынша, жаңартылған нормалар банк операцияларының құпиясын, салымдарды және электрондық коммуникацияларды қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жеке деректерге араласу шегін нақты айқындайды, бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтады.

Кездесу барысында қатысушылар конституциялық бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты. Жалпы жиынның ашық форматта өтуі жергілікті тұрғындарға өз пікірін білдіруге және өзекті сауалдарға жауап алуға мүмкіндік берді.
17 ақпан 2026 ж. 48 0

Дертке дауа дарытқан

17 ақпан 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728