Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындары жаңа Конституцияның жобасымен танысты

Ауыл тұрғындары жаңа Конституцияның жобасымен танысты

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында аумақтық коалиция мүшелерінің кезекті кездесуі Қ.Пірімов ауылында өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына құжаттағы негізгі өзгерістер мен жаңалықтар түсіндірілді.

Кездесуде коалиция өкілдері алдағы республикалық референдумның өткізілу тәртібі мен оның құқықтық маңызына тоқталып, Конституциялық реформаның мазмұны мен бағыттары туралы түсініктеме жасады.

Коалиция мүшесі Әділбек Сарабеков жаңа Ата Заң жобасының басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде тану екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол құжатта егемендік пен тәуелсіздіктің елдің аумақтық тұтастығына қатысты өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілгенін хабарлады.

«Ұсынылып отырған өзгерістер – еліміздегі саяси жүйені жүйелі жаңғыртудың заңды әрі логикалық жалғасы. Қазіргі заманның шынайы жағдайы жаңа қоғамдық келісім мен жаңа мағыналарды талап етеді. Сондықтан жаңа Халықтық Конституция жобасы ұсынылып отыр. Құжаттың басты ерекшелігі – адам құқықтарына негізделуі», – деді ол.

Ауыл тұрғындары өз кезегінде Конституция жобасының түбегейлі жаңалықтары бойынша сұрақтарын қойып, іс-шара спикерлерінен нақты әрі толық жауап алды.
17 ақпан 2026 ж. 335 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 124

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 112

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30