Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліштің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52-ші сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы 48 сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап хабарлама жасап, бюджетке енгізілген өзгерістерді ортаға салды. Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді.
Жиында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, 2026 жылға жоспарланған аудандық бюджет есебінен атқарылатын жұмыстарға тоқалып өтті. Сонымен қатар елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Жаңа Ата Заң жобасының әзірленуі жайында сөз қозғады.
-Қаңтар айында Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында тарихи шешімдер қабылданды. Соның бірі – Мемлекет басшысының бастамасымен Елімізде жаңа Ата Заңның жобасы әзірленуі. Осы мақсатта құрылған Конституциялық комиссия құрамында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы да комиссия мүшесі ретінде ел тарихындағы аса маңызды миссияны іске асыруға атсалысуда.
Жаңа Конституция жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттің адамға бағдарланған моделін қалыптастыруға, саяси және қоғамдық институттардың тиімділігін арттыруға бағытталуда. Жаңа Ата Заңда дін мен мемлекеттің ара-жігін нақты ажырату, білім беру жүйесінің зайырлы сипатын нығайту басты басымдықтардың бірі ретінде көрсетілуде, - деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Жиында аудан әкімі осы маңызды реформаларды тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында ауданымызда арнайы ақпараттық штаб құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, барша мекеме басшыларын және жұртшылықты қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
Сессия барысында аудандық мәслихаттың депутаттары Әбдуали Рахметов, Нұркен Ботабаев және «Аmanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев еліміздегі Конституциялық реформаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға байланысты пікірлерін жеткізіп, ұлтымыздың тарихында алтын әріптермен жазылатын саяси маңызды кезеңде аудан халқы үлкен бірліктің үлгісін көрсету керектігін жеткізді.
11 ақпан 2026 ж. 68 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728