Аудандық мәслихаттың кезектен тыс VIII сессиясы өтті

Хабарламадан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш қала мен кент аралығындағы тұрғын үйлердің оқушылары №249 мектеп-лицейге қатынау үшін арнайы қоғамдық көліктің жүруін қамтамасыз ету, теміржол жанындағы Привокзальная көшесін жарықтандыру, аудандық мәслихат депутаттары Әбдуали Рахметов, Элмира Нұрмағанбетова және Есет Табынбаев Әйтеке би кенті бойынша сайланған депутаттардың сайлау округіне қарасты көшелерін жөндеу, Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйін тезірек пайдалануға беру сондай-ақ жарықтандыру жұмыстарын кезектілігіне сәйкес жүргізу қажеттігі жөніндегі мәселелерді ортаға салды.

Сессия соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз сөйлеп, ұсынылған мәселенің маңыздылығын айтып, халық қалаулыларының әрбір айтқан ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайтындығын жеткізді. Сонымен қатар Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай аудан көлемінде өткізілетін мәдени-көпшілік шараларға тоқталып, мерейтойды жоғары деңгейде өткізуге бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияға ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланды.
#Қазалы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат