Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV-ші сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV-ші сессиясы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV-ші сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Имандосов, облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары, мектеп, балабақша меңгерушілері, учаскелік полиция инспекторлары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық еткен сессияда 3 мәселе қаралды.
Ашып айтсақ, «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, Қазалы қаласындағы «Новостройка» көшесін қайта атау туралы Қазалы қаласының әкімі Қайрақбай Орынбасаров және Қазалы ауданын басқару схемасын бекіту туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Ринат Тілеп хабарлама жасап, депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет бірінші кезекте халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатындағы жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, газдандыру, басқа да өзекті мәселелерді шешу бағытында жұмыс істеліп, халық қалаулыларының айтқан ұсыныс-пікірлеріне байланысты қаржы көздерін қарастырып, бірлесіп жұмыс атқарылатынын жеткізді.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
22 ақпан 2024 ж. 280 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031