Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕССИЯДА БЮДЖЕТ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

СЕССИЯДА БЮДЖЕТ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті 38 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Пшанов, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдер басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша «2024 жылға арналған Қазалы ауданы бюджетінің атқарылуы туралы» облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Пшанов және аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрдәулет Аймағамбетов хабарлама жасады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне алдағы уақытта тексеру комиссиясы тарапынан анықталған кемшіліктерге жол бермеу қажеттігін ескертті.
Екінші мәселе бойынша «2024 жылға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы» Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдерінің хабарламасы тыңдалды.
Сессия соңында аудан әкімі сөз сөйлеп, бюджет қаражатын пайдаланушы мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау, бюджет қаражатын игеру барысында қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
15 мамыр 2025 ж. 184 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031