Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджеттегі өзгеріс талқыланды

Бюджеттегі өзгеріс талқыланды

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы болып өтті. Сессияға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен аудандық маңыздағы басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Онда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қазынагүл Бәкен «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы”, аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов Қызылорда облыстық ономастикалық комиссияның қарауына Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық округі, «Водокачка» елді мекенін және Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округі, Бекарыстан би ауылындағы көшеге атау беру жөнінде ұсыныс енгізу жайлы хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты хабарлама жасау­шыларға аудандық мәслихат депутаттары өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, осыған орай тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілді.
“ҚАЗАЛЫ” ақпарат
08 желтоқсан 2018 ж. 1 123 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930