Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясы шақырылды. Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліштің төрағалығымен өткен сессия жұмысына аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы кезекті XI сессиясының №128 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралып, бұл бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев хабарлама жасады.
Сессия барысында аудан әкімі аудандық мәслихаттың депутаттарын облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес салық базасын ұлғайту жұмыстарына өз үлестерін қосуға, осы бағытта құрылған арнайы жұмысшы топтың жұмысын жандандыруды және бұл жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды. Сонымен қатар ең алдымен аудан орталығы – Әйтеке би кентін абаттандыру, көркейту-көгалдандыру, кенттің сәулеттік келбетін қалыптастыру бағытында қаржы қарастырып, үнемделген қаржыларды осы жұмыстарға бағыттау керектігін жеткізді.
Аудан басшысы мұнымен қатар еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан ел азаматтарына алғысын жеткізді. Сондай-ақ, халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына орай алдағы уақытта комиссия отырысын өткізуді жеделдетіп, мерейтойды жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін айтты.
Сессия барысында бірқатар депутаттар Әйтеке би кентінің шет аймақтарын абаттандыру және басқа да мәселелер бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
16 сәуір 2024 ж. 98 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930