Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Бірқатар учаскеде жол қозғалысы уақытша шектелді
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды
Фото: istockphoto.com
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысында боран мен көріну қашықтығының күрт төмендеуіне байланысты KAZ07 трассасының Қалбатау – Боғас ауылдары арасындағы бөлігі жабылды. Шектеу барлық санаттағы көлік түрлеріне қатысты.
Алматы облысында қар, боран және нашар көріну салдарынан Нұра – Шонжы бағыты (KZ15-01) жабық. Мұнда да қозғалыс барлық көлік үшін тоқтатылған.
Жетісу облысында бірнеше бағытта уақытша шектеулер қойылды. Қызылағаш – Жансүгіров, Үшарал – Достық және Сарқан – Үшарал учаскелерінде қар, қатты боран және көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынған.
Маңғыстау облысында бес бірдей жол бөлігі жабық: Шетпе – Ақтау, Бейнеу – Шетпе, Жетібай – Жаңаөзен, Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе, сондай-ақ Ақтау – Құрық бағыттары. Бұған температураның төмендеуі, жел және көктайғақ себеп болды. Шектеу барлық көлік түріне қолданылады.
Ведомствоның мәліметінше, қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы 1364 шақырымды құрайды, бұл республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 5,456 пайызымен тең.
Жолдарда 770 техника және 1889 маман жұмыс істеп жатыр.



10 желтоқсан 2025 ж. 134 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031