Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғани Мұратбаев ауылында жаңа мешіт ашылды

Ғани Мұратбаев ауылында жаңа мешіт ашылды

Бүгін Ғани Мұратбаев ауылында бірлік пен ынтымақтың, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі – «Қуандық Әулие» атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.

Имандылық үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, ізгілікке, мейірбандылыққа шақыратын мешіт қызметінің маңызы зор екендігіне тоқталып, ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Мешіт – кез келген адам баласын тіліне, нәсілі мен ұлтына қарап бөле-жармай бір жерге тоғыстыратын құтты мекен. Жас ұрпақ бойына имандылық қасиет ұялату үшін мешіттердің атқарар рөлі зор. Өйткені, мешіт – ғылым, білім, тәрбие мен тағылым, иманның ордасы. Жүрегі ізгілікке толы жандардың аманатымен, бастамасымен қолға алынған «Қуандық Әулие» атындағы мешіттің бой көтеруіне ауыл халқының жасаған еңбегі орасан. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» ауызбіршіліктің ерен үлгісін көрсетіп, имандылық үйінің салынуы жолында аянбай тер төккен азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін. Жаңа мешіттің ынтымақ пен рухани достыққа шақыратын орынға, имандылық жолындағы рухани білім ошағына айналуына тілекшімін. Баршаңызды жаңа мешіттің ашылуымен тағы да құттықтап, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін, - деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Аудан басшысынан кейін Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев арнайы келіп, жаңа мешіт халықтың рухани жаңғырып өркендеуіне үлес қосатын, жастарды жақсы бағытта тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беретін орын екенін жеткізді.

Игі шарада «Қуандық Әулие» атындағы жаңа мешіттің салынуына үлес қосқан ауыл азаматтарына аудан әкімнің және облыстың бас имамының «Алғыс хаты» табысталды.

Айта кетейік, Ғани Мұратбаев ауылындағы «Қуандық Әулие» атындағы мешіт 2003 жылы ашылған болатын. Мешіттің ескіруіне байланысты бүгінде ауыл азаматтарының ауызбірішілігімен жаңа мешіт бой көтеруде.
09 қараша 2025 ж. 210 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 137

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 152

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 152

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031