Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арандыда ауыл күні тойланды

Арандыда ауыл күні тойланды

Аранды ауылында ауыл күні аясында және "Аранды қыр" мешітінің ашылу рәсіміне орай мәдени-көпшілік іс-шаралар өтті.
Екі күнге созылған мерекелік шара «Жүректе мәңгі есімің, Арандым - алтын бесігім»атты аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен бастау алып, ҚР Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері Сексенбай Күлімбетовтың туғанына 75 жас толуына орай аудандық дәстүрлі әндер байқауына жалғасты.
Мұнан соң ауыл халқы мен қонақтары ауыл орталығынан ашылып жатқан жаңа мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.
Ауыл күні аясында өткізіліп жатқан мерекелік шараларға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов арнайы барып, Аранды халқын бүгінгі мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар мұндай тағылымы мол шараларды ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар азаматтарға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен барша тұрғындар атынан шынайы алғысын жеткізді.
Имандылық үйінің ашылу салтанатында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен Жанқожа батыр атындағы орталық мешіттің бас имамы Нұрдаулет Нәби сөз алып, жиылғандарға жылы лебіздерін жеткізіп, жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.
Ауыл күні аясында өткізіліп жатқан мәдени шаралар мұнымен тоқтап қалмады. Ауыл шетінде ат бәйгесі өтіп, бабалар рухына арналып құран бағышталып, ас берілді.
"Қазалы"ақпарат
09 қазан 2023 ж. 450 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031