Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада заманауи стильмен салынған сәулеті ерекше мешіт ашылды

Астанада заманауи стильмен салынған сәулеті ерекше мешіт ашылды

Кеше Астана қаласында постмодернизм стилінде салынған мешіт ашылды. Алла үйінің ашылу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Салтанаты шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде тұңғыш рет постмодернизм стилінде салынған мешіттің есігін айқара ашқанына қуанышты екенін жеткізді.
Бас мүфтиден кейін сөйлеген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев көпшілікті жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды.
Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді.
Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіттің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады.
Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі – 43,5 метр. Ол "қалам" – "қасиетті қауырсын" түрінде бой көтерген.
Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді.
Жаңа мешіт 750 адамға лайықталған.
Ғимараттың ауданы – 2248 шаршы метр. Орналасқан жердің ауданы – 1,44 га.
12 мамыр 2018 ж. 3 371 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031