Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мешіт бой көтеруде

Жаңа мешіт бой көтеруде

Ата дініміз – адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға, адамды қадірлеуге үндейді. Дінге деген құрмет отбасынан, мешіт табалдырығынан басталары сөзсіз. Жақында Ғ.Мұратбаев ауылындағы құрылысы жоспарланған мешіттің іргетасы қаланды.
Ғибадатхананың алғашқы кірпішінің қалану салтанатына Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Н.Нәби, ауылдық мешіттің имамы Қ.Дәуіржанұлы және ауыл ақсақалдары арнайы қатысты. Жергілікті жамағат жаңа мешіт салу туралы ұсыныстарын айтып, бүгін көптен бері көкейде жүрген, бір жағы жамағаттың сұранысын ескере келе мешіт құрылысы басталды.
– Мешіт – имандылықтың, тәрбиенің, береке-бірліктің ордасы. Бұл жерде адамдар құлшылық жасаумен бірге, жан дүниесін тазалайды, иманын күшейтеді. Қаласа, рухани діни білім алады. Мешіттерде қайырымдылық шаралары да тұрақты өтіп отырады. Халқымызды одан әрі бірлік жолында біріктіре түсетін мешіт құрылысы сәтті аяқталып, қызмет қылатын күн жақын болғай, – деп атап өтті бас имам Нұрдәулет Нәби.
Заман талабына сай салынатын мешіт 1 қабатты, биіктігі мұнарасымен қоса есептегенде 7 метр. Бір уақытта 100 адам құлшылық ете алады. Одан бөлек, 150 адамға арналған жанында асханасы да салынып жатыр. Жаңа құлшылық үйінің құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
19 шілде 2025 ж. 233 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930