Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша Қазақстанда аграрлық өндірістің тұрақты өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгені құрады.
Өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,2%-ға (2 262,3 млрд теңге), өсімдік шаруашылығының 4%-ға (1 254,1 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

8 айда 696,2 мың тонна ет (тірідей салмақта, +1,9%), 2 625,2 мың тонна сүт (+6%) және 3 011,7 млн дана тауық жұмыртқасы (+1,2%) өндірілді.

Мал басы: ірі қара – 8,6 млн (+0,2%), жылқы – 4,5 млн (+6,3%), түйе – 299,8 мың (+4%), құс – 46,9 млн (+2,8%).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде де айтарлықтай өсім тіркелді: қант – +24% (99,2-ден 122,8 мың тоннаға дейін), ет консервілері – +29,7% (4,5-тен 5,8 мың тоннаға дейін), өсімдік майы – +27% (468,5-тен 595,0 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – +8,8% (47,1-ден 51,2 мың тоннаға дейін), сары май – +15% (21,9-дан 25,2 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері – +6,4% (161,2-ден 171,5 мың тоннаға дейін).

Жалпы, 8 айда тамақ өнімдері өндірісі 10,1%-ға (2 476,7 млрд теңге), ал сусындар өндірісі 7,1%-ға (813,1 млрд теңге) артты.

Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық белсенділік те өсіп келеді. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестициялар 516,2 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артты. Тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар – 119,2 млрд теңге (+42,8%).

Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң динамика көрсетіп отыр. Бұл өндіріс пен инвестиция көлемінің ұлғаюынан, сондай-ақ қайта өңделген өнім өндірісінің артуынан айқын көрінеді. Мұның бәрі елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экспорттық әлеуетін кеңейтуге алғышарттар жасайды.
13 қыркүйек 2025 ж. 239 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031