Ерлікке құрмет – елдік міндет

Әбдіраш Құдайбергенұлы 1915 жылы Қазалы ауданында. 1941 жылдың қазан айында майданға аттанып, неміс-фин әскерлерінің шабуылына тегеурінді тойтарыс береді.
Батыс майданындағы ұрыс күшейген 1942 жылдың қаңтар айында әскери күш Руминия фин бағытындағы қорғанысқа ойсады. Осы кескілескен ұрыста Ә.Құдайбергенов батырлықтың ерен үлгісін көрсетеді. 1943 жылғы қаңтар айнынан шілдесіне дейін 35-армия Волхов майданындағы армия генералы Мерецков басқарған 2-екпінді армияның 395-атқыштар полкі құрамында Белгорд бағытындағы немістердің шегінуіне атсалысады. Шілдеде Брянск-Орёл маңында жау шабуылының қарқыны үдейді. Әбдіраш қаруластарымен бірге әйгілі Курск шайқасына енеді.
1945 жылы аталмыш полк Қиыр Шығыстағы Жапондармен соғысқа жұмылдырылады. Мұнда Фугдин қаласында қарсыластарға тойтарыс береді. Сунгари өзенінің сол жағына өтіп, Харбин қаласы үшін ұрысқа қатысады.
Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктері ескеріліп, бірнеше орден- медальдармен марапатталады. Қатарында екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, Қиыр Шығыстағы ерлігі үшін бас қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс хаты, бірнеше мерекелік медальдар бар.
Елге оралған соң ағарту саласында жұмыс істеп, ұрпақ тәрбиесімен айналысқан. Еңбекте де елеулі болған майдангер ұстаз жеткен жетістіктер мол. Бүгінде ұрпақтары еліміздің жауапты салаларында абыройлы қызмет атқаруда.
Майдангер 1990 жылы 75 жасында дүниеден озған.
Қазақстан қарулы күштерінің құрылған күні, Жеңіс мерекесі қарсаңында Қазалы ауданы әкімдігінің қаулысы, аудандық мәслихат шешімімен шыққан Әйтеке би кентінің Бегім ана орамы Әбдіраман Құдайбергенов атына беруге арналған салтанатты шара өтті.
Өнегелі өмір иесінің ерлік жолын ұлықтаған жиынға тұрғындар, қонақтар, Ә.Құдайбергеновтің көзін көрген, әріптес болған жандар, шәкірттері мен ұрпақтары көп жиналды.
Шараны құттықтау сөзімен ашқан Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев ер атын жаңғыртуға бағытталған бастама қоғамдық кеңесте қаралып, ономастикалық комиссияда қолдау тапқандығын атап өтті. Ардагер ұстаз Нұрлыбек Есбосынов жүзеге асқан жұмыс Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы тарту екендігін жеткізді. Көше тұрғындары қатарынан Роза Қартабаева сөйлесе, ұрпақтары атынан сөз алған майдангердің ұлы Марат Құдайбергенов ұйымдастырушылар мен барлық атсалысқан азаматтарға ризашылығын білідірді. Көше аты жазылған ескерткіш тақта жабындысын ашылып, жас өрендер соғыс және еңбек ардагері туралы әдеби-сазды бағдарлама ұсынды.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ