Мен батырдың ұрпағымын
Бекетов Қалибек 1924 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1942 жылы он сегіз жасында майданға шақырылып, 1947 жылы елге оралған.
Ол 1942 жылғы тамыз-1943 жылы наурыз айлары аралығында Харьков училищесінде алғашқы дайындықтан өтіп, Сталинград, Курск шайқастарына қатысқан.
Пулеметші, артиллериялық дивизияның 87-бөлімшесінде, 298- атқыштар дивизиясы (СД), 886-полкі, пулеметшілер взводы командирінің көмекшісі, старшина.
Соғыстан соң 1945 жылғы мамыр-1947 жылғы қыркүйек аралығында Жапон соғысына жіберілген. Ол соғыстағы ерлігі үшін «Великая Отечественная война» орденімен, «За Победу над Японии», «ВОВ» медальдарымен марапаталған. 1992 жылы дүние салды.
Ұлағатты ұстаз, ақын, тарихшы, Қазалы халық театрын қалаушыларының бірі. Аудандық пионерлер үйінде шахмат үйірмесін ұйымдастырушылардың бірі.
Бүкіл Одақтық конкурстың лауреаты. Ә.Нұрпейсовтың «Қан мен терінде» Құдайменді болыстың рөлін, Ә.Тәжібаевтың «Дубай Шубаевич», А.Корнейчуктың «Платон Кречет» және көптеген қойылымдарда басты рөлдерді сомдаған.
«Жалаңтөс бахадүр» естелік әңгімесі, «Қазағымды және Қазалымды жырлаймын» атты өлең жырлары жарық көрген. 2015 жылы Қалибек Бекетовтің құрметіне Әйтеке би кентінен көше атауы берілген.
Бағила БЕКЕТОВА