Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көңілі дархан қария

Көңілі дархан қария

Екінші дүниежүзілік соғыс елу миллионнан астам өмірді жалмады. Қиян-кескі ұрыс зардабы әрбір қазақ отбасы үшін де орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Елдің тыныштығын бұзып, күтпеген жерден жарияланған сұрапыл шайқасқа Қазақстаннан екі миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ жауынгері қайтпай қалды. Отан үшін қанға бөккен арпалыста жан алып, жан беріскен боздақтар арасында бірінің әкесі, бірінің жан бауыры мен ұл-қызы қаза тапты. Қаншама жасөрім жандар қыршынынан қиылды. Өмірге құштар, небір асқақ армандарына жете алмай қалғандардың қатарында 10500-ден аса қазалылық жерлес бар. Отан қорғауға Қазалыдан аттанғандардың бес мыңдайы ғана жаралы, әрі науқас күйінде елге оралды.
Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары қолына қару ұстаған қазалылық азаматтардың қатарында Қабақ Смағұл да болды.
1923 жылы сәуір айында қазіргі Бекарыстан би ауылында дүниеге келген, оны әкесі Смағұл мен анасы Төлебике ерекше мейірімділікке бөледі. 1942 жылғы шілде айының жиырмасы күні Москва бағытындағы Тула қаласына жақын жерде қорғаныста тұрып, сол жылдың желтоқсанынан бастап неміс фашисттеріне қарсы шабуылға шыққан. Үшінші екпінді армиясында Маршал Рокоссыыовскийдің басқаруында болған. Тула қаласын азат етіп, Орел қаласына бағыт алған.
1943 жылдың ақпан айының 19 күні Орел қаласын азат ету шайқасында ауыр жараланып, Горький қаласындағы әскери госпитальда тоғыз ай емделіп, коммисия шешімі бойынша елге оралады. Өткен күндерді жиі еске алатын ІІ-топ мүгедегі атанған майдангер қарт «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, «Жеңістің 25, 30, 40, 50 жылдығы», «КСРО Қарулы күштеріне – 60 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне – 70 жыл» мерекелік, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың, А.Гречконың естелік медальдарын иеленген.
Қабақ Смағұлдың көрсеткен батылдығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Неміс басқыншыларына қарсы соғыстағы ерлігі мен батырлығы үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президумының 11 наурыз 1985 жылғы бұйрығымен І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және өзге де көптеген медалды кеудесіне таққан. Бұл соғыс ардагерінің жауынгерлік жолының шежіресі.
Өмір жолын жары Гүлжанмен ұштастырған Қабақ ата 5 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан немерелер мен шөберелер және шөпшек сүйіп отыр. Оның ізгілікке толы ұрпағы атасының ерліктерін әрдайым кеуделерін қуаныш кернеген күйі мақтан әрі кейінгі буынға үлгі-өнеге етеді.
– Жойқын соғыс өрті талайлардың жүрегіне өшпес жара салды. Әкем 1943 жылы майданға түсіп, елге қайтпай қаза тапты. Мұндай жағдай менің замандастарымның талайының басында бар. Ол күндер енді қайтып келмесін. Бүгінгі ұрпақ бейбітшіліктің шуағына бөленіп, бақытты өмір сүре берсін! – дейді Отан үшін от кешкен соғыс ардагері Қабақ ата.
Бекарыстанбилік Қабақ Смағұлов – Жеңіс күнін жақындатқан, қатары сиреп қалған майдангерлеріміздің бірі. Кейінгі толқын жастарға оң жол сілтейтін бір ауылдың ғана емес, өзі тұратын аймақтың ақылман қариясына айналды. Ал біз денсаулығыңыз мықты, көңіліңіз хош болсын деп тілектестік білдірдік.


Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

06 мамыр 2023 ж. 613 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930