Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос майданның жауынгері

Қос майданның жауынгері

Ұлы Отан соғысында фашистік Германия­ны талқандаған соң, Қиыр Шығыста Жапон милитаристеріне қарсы күреске аттанғандардың сапында да қазалылық жауынгерлер болса, олардың қатарында Қазалы қаласынан майданға аттанған Қалдан Бештембеков атамыз да болды.
Бештембеков Қалдан Жалғауұлы 1925 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. Әкесі Жалғау мен анасы Ләукенің тәлімді тәрбиесін алып өседі. Бала кезінен бойында қайсарлық, тәртіп, еңбекқорлық қалыптасты.
1942 жылы жұмысшы болып алғаш еңбек жолын бастаған бала Қалдан 1943 жылдың қаңтарында 18 жасында әскер қатарына алынады. Өрімдей жастар мінген эшелон Белградқа жақындағанда, Бас қолбасшыдан: «Тәжірибесі жоқ жастарды отқа салмаңдар, соғыс өнеріне үйретіңдер» деген бұйрық жетіп, эшолон бағыты шығысқа қарай бұрылып, Маньчжурияның шекарасына келіп тоқтайды. 1943 жылы 20 мамырда №97 атқыштар дивизиясында әскери ант қабылдап, әскери борышын өтеуді бастайды. Әскерде №87 атқыштар дизизиясында қатардағы жауынгер командир, №1157 атқыштар полкінің командирі одан әрі №43 атқыштар полкінің сержанты әскери қызметін атқарған. 1945 жылдың 9 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында Забайкалье майданының жауынгерлері 40 миллион халқы бар Маньчжурия жерін түгелдей жаудан босатып, Квантун армиясын талқандап, Жапонияны жеңеді. Осы шайқастағы ерлігі үшін Кеңес Армия­сы мен флоты күніне орай «Жапонияны жеңгені үшін» медалін кеудесіне тақты.
Қалдан ата қазалылық жерлесіміз Ыдырыс Қалиев атамыз екеуі өздерінің Отан қорғау ісіне әлі де қажеттілігіне байланысты демобилизацияға ілінбей, жеңістен кейін тағы да бес жыл әскерде болып, 1950 жылы 2 сәуірде КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 жылғы 28 қаңтардағы Қаулысымен туған топырағы – Қазалыға аман-есен оралады.
Елге оралған соң 1950 жылдың маусым айында Қазалы аудандық өнеркәсіп комбинатына нормалаушы болып еңбекке араласады. 1953 жылдың желтоқсанында Қазалы аудандық сотына сот орындаушы, 1962 жылдың қыркүйегінен 1986 жылдың маусымына дейін де Қызылорда облысының қоғамдық тәртіпті сақтау басқармасының аудандық қоғамдық тәртіпті сақтау мекемесінде милиция, тергеуші, аға тергеуші т.б. қызметтерін адал атқарып, Қазалы ауданының елге сыйлы, ардақты азаматы атанды.
1951 жылы 27 маусымда Қалдан ата Жұпар әжемізбен отау құрып, ұлдары Ерсайын, Ертарғын, Арғын, Арғынғазы, қыздары Жарқын мен Гүлбарамдай балаларды тәрбиелеп, барлығын ЖОО бітірген мамандар болды. Ерсайын Алматы құрылыс институтында ұзақ оқытушылық қызмет атқарса, қызы Гүлбарам ұзақ денсаулық саласында дәрігер-терапевт қызметін атқарып, бұл күнде зейнеткерлік демалыста.
Бар ғұмырын еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығына арнаған Қалдан атамыздың марапаттаулары жетерлік. 1964 жылы «Үздік милиция қызметкері», 1967-1984 жылдары үздік қызметі үшін марапатталса, 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық, 1980 жылы Ұлы Жеңістің 35 жылдық медальдарын және 1986 жылы зейнеткерлік демалысына шығумен қатар құқық саласындағы ұзақ жылдар бойы атқарған еңбектері үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Еңбек Ері» медалін кеудесіне тақты.
Қалдан ата туралы ағайын інісі Арғын Әбдікәрімұлы былай дейді: «Бастықтан мақтау алмаса да, халықтан қарғыс алмаған, тек қана алғыс алған адам. Мұндай жағдай құқық қорғау саласы қызметкерлері арасында рабайда бір кездесетін жағдай. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» – дегендей, қылмыскерлерді, ұрыны ұстағанымен, бірақ майда-шүйде құқық бұзушылықты халық арасында келісіммен шешкен екен. Ел құқық саласында жұмыс жасаса да қарапайымдылығы мен адамгершілігі үшін құрмет тұтып, төрінен орын берді».
Қалдан Жалғауұлы 2001 жылдың 13 маусымында 76 жасында өмірден озса да, Қазалы қаласының халқы Қалдан атаның жақсылығын әлі күнге ұмытпай үлгі етеді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан, Забайкалье майданының жауынгері, Қазалы қаласында туып, өмірінің соңына дейін Қазалы ауданының құқық қорғау саласында еңбек еткен майдангердің есімін туған жерінде мәңгі қалдыру мақсатында Қалдан Бештембеков атындағы көше есімі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Аталар ерллігін келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақтың парызы.
Әбілғазы МҰҚАТАЙҰЛЫ,
денсаулық саласының ардагері,
Қазалы қаласының тұрғыны
08 маусым 2024 ж. 83 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031