Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста алимент төлемдері бойынша 12 мыңнан аса іс қаралуда

Облыста алимент төлемдері бойынша 12 мыңнан аса іс қаралуда

Облыстық әділет департаменті есепті кезеңде алимент төлемдерін өндіріп алу санаты бойынша 13 177 атқарушылық құжатты орындалып, оның 583-ін толық аяқтаған. Қалған 12 571 істің 6 240-ы мерзімді орындау тізімінде болса, ал 4 576 борышкер алимент төлемдерін өз еркімен төлеуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева мәлімдеді.

– Қазіргі таңда Қызылорда облысының әділет департаментінде 10 мемлекеттік сот орындаушы мен 72 жеке сот орындаушы қызмет атқарады. Есепті кезеңде 10 жеке сот орындаушының қызметіне жоспарлы бақылау жүргізілген. Сондай-ақ, атқарушылық әрекеттерді орындау кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері негізінде 21 жоспардан тыс бақылау жүргізіліп, 7 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал, жалпы сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжаттар бойынша барлығы 98 тұлғаға айыппұл салынды. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, «Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданды. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжат бойынша берешекті төлеу және сот орындаушысының қызметіне ақы төлемеу жүзеге асырылады. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда айыппұлдың 25 пайызын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болса, енді бұл қызметті робот атқарады,- деді Ирина Жұмабайқызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
29 наурыз 2025 ж. 301 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 175

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 158

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930