Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста алимент төлемдері бойынша 12 мыңнан аса іс қаралуда

Облыста алимент төлемдері бойынша 12 мыңнан аса іс қаралуда

Облыстық әділет департаменті есепті кезеңде алимент төлемдерін өндіріп алу санаты бойынша 13 177 атқарушылық құжатты орындалып, оның 583-ін толық аяқтаған. Қалған 12 571 істің 6 240-ы мерзімді орындау тізімінде болса, ал 4 576 борышкер алимент төлемдерін өз еркімен төлеуде. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева мәлімдеді.
    – Қазіргі таңда Қызылорда облысының әділет департаментінде 10 мемлекеттік сот орындаушы мен 72 жеке сот орындаушы қызмет атқарады. Есепті кезеңде 10 жеке сот орындаушының қызметіне жоспарлы бақылау жүргізілген. Сондай-ақ, атқарушылық әрекеттерді орындау кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері негізінде 21 жоспардан тыс бақылау жүргізіліп, 7 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал, жалпы сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжаттар бойынша барлығы 98 тұлғаға айыппұл салынды. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, «Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданды. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжат бойынша берешекті төлеу және сот орындаушысының қызметіне ақы төлемеу жүзеге асырылады. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда айыппұлдың 25 пайызын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болса, енді бұл қызметті робот атқарады,- деді Ирина Жұмабайқызы.

Облыста алимент төлемдері бойынша 12 мыңнан аса іс қаралуда. 

Фото: freepik.com
28 наурыз 2025 ж. 408 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31