Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1045 борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қойылды

1045 борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қойылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының жеке сот орындаушыларымен және Қызылорда қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп алимент санатындағы атқару құжаттары бойынша берешегі қалыптасқан борышкерлердің автокөліктерін айып алаңына қамау жұмыстары жүргізілуде. Аталған рейдтік іс-шара облыс аумағында өткізіледі және 1 (бір) ай мерзімге жалғасады. Бұл туралы Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының Әділет департаменті, Прокуратура, Полиция, Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде қасақана алимент төлеуден жалтарып жүргендерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту алгоритмі бекітілді. Сонымен қатар, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмысқа тарту үшін бірлескен меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысында берілуі тиіс алимент мөлшері 128 млн. теңгеден асады. Ал, жеке сот орындаушылары болса, қарыздан жалтарып жүргендермен жанталасып келеді. Жалпы алимент санаты бойынша 12 137 атқару өндірісі бар, оның ішінде 4 678 атқару өндірісі мерзімдік орындалуда, 6 090 атқару өндірісі бойынша борышкерлер ағымдағы алименттерді өз бетінше төлеп отыр. 3 айдан астам төлемеген 1045 борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қойылды.

Фото: Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі
01 наурыз 2024 ж. 273 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930