Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот шешімін орындауға жолдау тәртібі

Сот шешімін орындауға жолдау тәртібі

Шешім Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен, дереу орындау жағдайларын қоспағанда, ол заңды күшіне енгеннен кейін орындауға жолданады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады.
Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарап мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан, асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиян өтелген жағдайларда, сот өз бастамасы бойынша атқарушылық құжатты ол жазып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындау үшін жібереді.
Дереу орындалуға жататын сот шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жазып беріледі және орындауға жіберіледі. Бірінші сатыдағы сот атқару парағын шешім заңды күшіне енген немесе іс Жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазып береді. Атқарушылық құжат судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқарушылық құжат нысанында жазылуы мүмкін. Сот орындаушысы атқарушылық құжатты орындаған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотқа бұл туралы хабарлауға міндетті не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында белгіленген орындау мерзімі өткеннен кейін орындалмау себептері туралы ақпарат беруге міндетті. Атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін сот шешімін орындаған борышкер шешім шығарған сотқа бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлауға тиіс. Сот атқару құжатын тиісті әділет органына не аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданған жағдайда немесе егер атқару құжаты өндіріп алушыға сот шешімінің орындалғаны туралы хабарланғанға дейін берілсе, борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.
Заңды күшіне енген сот шешімін орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады
Ж.Қонысбаева,
Қазалы аудандық сотының
бас маманы-сот отырысының хатшысы

29 қазан 2024 ж. 81 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930