Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 мың әйел алимент төлемей жүр

11 мың әйел алимент төлемей жүр

Фото: Freepik
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында алимент борышы туралы ресми статистиканы атады.

«Бүгінгі таңда республика бойынша сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 322 мың атқарушылық іс бар. 322 мың атқарушылық іс бойынша 311 мыңнан астам борышкер ер азамат болса, 11 мыңнан астам борышкер әйел бар. Биылғы 9 ай ішінде 33 млрд теңге сомасына 25 мың өндіріс проблемалы болып танылды. Яғни борысшкерлер алименттерін тұрақты түрде төлемейді. Дегенмен Әділет министрлігінің атқарған ауқымды жұмысының нәтижесінде биыл 7 млрд теңге сомасына алимент бойынша берешек өндірілді. Алимент туралы өндірістердің 95,6%-ы бойынша өндіріп алу ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметтері арқылы жүзеге асырылады», - деді ресми өкіл.

Ресми мәлімет бойынша, сот орындаушылары алимент берешегі бар 7 мыңнан астам борышкердің елімізден шығуына уақытша шектеу қойған. Жалпы жыл басынан бері 3 484 борышкер әкімшілік, 291 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
31 қазан 2024 ж. 200 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930