Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақботадағы» айтулы мереке

«Ақботадағы» айтулы мереке

Наурыз мерекесін №28 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы да жан-жақты әзірлікпен атап өтті.
Шаралар қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып, эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеді. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары мен өнері кеңінен насихатталды.
Көнеден жеткен жоралғылар – бата беру, шашу, сондай-ақ қазақтың зергерлік бұйымдары, ұлттық киімдері мен қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылады.
«Мәдениет – ұлттың рухани қазынасы» атты мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан балабақша меңгерушісі Г.Ережепова мереке маңызына тоқталып, жиылғандарды құттықтады.
Бағдарламада әжелер ансамблі «ауылдың алты аузын» – халық әндерін шарықтата шырқаса, бишілер «Киіз басу» биін биледі.
Тәрбиеленушілер тақырыптық әндер айтса, ансамбль, хор орындауындағы өнерге де көпшілік қол соқты.
Бұл күні ұлттық ойын «Қыз қуу» көрсетілді қонақтар мен көрермендер арасында арқан тартыс, асық ату сынды ұлттық ойындар да ойнатылды.
Сондай-ақ тәрбиеші К.Жұбаева ұйымдастырған «Көрісу күні», А.Бозғұлова бастамасымен өткен шаңырақ ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған видеороликтер, квест ойындары ойнатылды. Тәрбиеші Д.Беденқұлова, С.Серімова, Қ.Бозғұлова топтарына «Ынтымақ күнін», «Ұлттық киім шеруін» өткізді. Тәрбиеші Ж.Емжаева өткізген «Жаңару» күнінде балаларымен ата-аналарымен бірге игі тілек тілеп, балабақша ауласына жеміс ағаштары мен жас көшеттер отырғызып, әсерлі үлгі көрсетті.
Тәрбие ошағында барлық топ наурызнама онкүндігін жоспарлы, жоғары деңейде насихаттап, мерекенің маңызын жас ұрпаққа ұялатты.

Рсалы БЕРЖАНОВА
29 наурыз 2025 ж. 381 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930