Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақботадағы» айтулы мереке

«Ақботадағы» айтулы мереке

Наурыз мерекесін №28 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы да жан-жақты әзірікпен атап өтті.
Шаралар қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып, эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеді. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары мен өнері кеңінен насихатталды.
Көнеден жеткен жоралғылар – бата беру, шашу, ақ тілек айту, сондай-ақ қазақтың зергерлік бұйымдары, ұлттық киімдері мен қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылады.
 «Мәдениет-ұлттың рухани қазынасы» атты мерекелік шараданы құттықтау сөзімен ашқан балабақша меңгерушісі Г.Ережепова мереке маңызына тоқталып, жиылғандарды құттықтады.
Бағдарламада әжелер ансамблі «ауылдың алты аузын» – халық әндерін шарықтата шырқаса, бишілер «Киіз басу» биін биледі.
Тәрбиеленушілер тақырыптық әндер айтса, ансамбль, хор орындауындағы өнерге де көпшілік қол соқты.
Бұл күні ұлттық ойын «Қыз қуу» көрсетілді қонақтар мен көрермендер арасында арқан тартыс, асық ату сынды ұлттық ойындар да ойнатылды.
Сондай-ақ тәрбиеші К.Жұбаева ұйымдастырған «Көрісу күні», А.Бозғұлова бастамасымен өткен шаңырақ ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған видеороликтер, квест ойындары ойнатылды. Тәрбиеші Д.Беденқұлова, С.Серімова, Қ.Бозғұлова топтарына «Ынтымақ күнін», «Ұлттық киім шеруін» өткізді. Тәрбиеші Ж.Емжаева өткізген «Жаңару» күнінде балаларымен ата-аналарымен бірге игі тілек тілеп, балабақша ауласына жеміс ағаштары мен жас көшеттер отырғызып, әсерлі үлгі көрсетті.
Тәрбие ошағында барлық топ наурызнама онкүндігін жоспарлы, жоғарды деңейде насихаттап, ұлық мерекенің маңызын жас ұрпаққа ұялатты.
Рсалы БЕРЖАНОВА
22 наурыз 2025 ж. 429 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930