Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасы әзірленді

Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасы әзірленді

Оның мақсаты - ұлттық салт-дәстүрімізді жастарға насихаттау. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында Наурыз мейрамын атап өту және оның маңыздылығын арттыру бойынша арнайы тапсырмалар берді. Соған сәйкес тұжырымдама әзірленді. Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасының мақсаты – қазіргі әлемнің жаһандану кезеңінде ұлттық мерекені, оның маңыздылығын балаларға, жастарға, болашақ ұрпаққа кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік маңыздылығын арттыру”, – деді спикер. Тұжырымдама бірнеше тарауға бөлініп жасалған. “Бұлай бөлудің себебі кең көлемде ұлттық салт-дәстүрімізді, болмысымызды жастарға насихаттау. Наурыз мерекесін балалар мерекесі, оны балалар күтетін мереке ретінде қалыптастыру, сондай-ақ, мереке кезеңінде салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрыптарымызды кеңінен насихаттау. Тұжырымдамаға сәйкес, Наурыз мерекесін өңірлерде атап өту бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді", – деді спикер. Спикердің сөзінше Наурыз мейрамы күндері ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың мазмұны тартымды, танымдық және зияткерлік мағынада болуы керек. “Наурыз үлкенді қастерлеу мерекесі. Аға буынның ізгі тілегі мен батасын алу игі іс. Ардагерлерге құрмет көрсетіп, ақсақалдардан "Наурыз бата" беру дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізу әз Наурызды тойлауды жаңғырта түсудегі басты мақсатты бірі. Мереке күндері барлық медиаконтент кең көрерменге арналуы керек. Әрі өтетін іс-шаралар қызықты, танымдық, зияткерлік мазмұнда болуы тиіс", – деді Нұрғиса Дәуешов.

18 наурыз 2022 ж. 498 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31