Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық ойын ұмыт қалмасын

Ұлттық ойын ұмыт қалмасын

Халқымыздың тарихи – мәденимұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Қазалы қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық ойындары» атты ертеңгілік өтті.
Мақсатымыз жас оқырманға халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу. Шара барысында Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептің 2 «А» сыныбының оқушыларының қатысуымен қазақ халқының ұлттық ойындары «Қол күрес», «Күрес», «Бес тас», «Арқан тартыс», «Асық» ойындарын ойнап, бақ сынасты. Жас оқырмандарға ұлттық ойындар-ұлттың мұрасы екені туралы кітапханашы Эльмира Шамет түсінік берсе, кеш қонағы 2 «А» сыныбының жетекшісі Айман Панасқызы жас оқырмандарға лебізін білдірді. Кітапхананың тұрақты оқырманы осы мектептің 6 сынып оқушысы, Республикаға танымал әнші, жас өнерпаз Нұрдәулет Қанибай «Асыл арман», «Туған жерге сағыныш» атты әндерін орындап кештің көркін аша түссе, жас оқырмандар қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорға» биіне биледі. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Толқын Мырзалиева кешті қортындылап, оқырмандарға алғысын білдіріп, сыйлықтар тарту етті.

Эльмира ЕРҒАЛИҚЫЗЫ

25 желтоқсан 2023 ж. 443 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31