Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық мереке ұлықталды

Ұлттық мереке ұлықталды

Жуырда №2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы, «Ақбота» ортаңғы тобында Индира Нагашыбаевнаның ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты ертеңгілік өтті.

Ұлттық мерекені ұлықтау мақсатында өткен шараның шымылдығы балабақша меңгерушісі Анар Кеулімжайдың алғы сөзімен түрілді.
– Қазақстанның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Толассыз ырыс, құт-береке тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік болып, көк байрағымыз көгімізде желбіресін. Сіздерге бақытты балалық-шақ, отбасы­ларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді балабақша меңгерушісі.
Шарада балабақша тәрбие­ленушілері Қазақстан Республи­касының рәміздері мен және республика күінінің тарихымен танысты. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктері, бас қаламыз Астананың да көрікті жерлері фото, бейнежазбалар арқылы тамашаланды.
Мұнан соң балғындар әртүрлі формаларды қиып, Қазақстан Республикасының картасын құрастырды. Мерекелік шара соңында балалар өз өнерін ортаға салды. Бірі патриоттық өлеңдерді оқыса, екіншісі би билеп, ән салды.

Индира САҒИТЖАНОВА,
№2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
29 қазан 2024 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031