Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы талқыланды

Фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы талқыланды

Фото: Ернұр Кама
Бүгін Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының аудан көлемінде 2025 жылға жүзеге асырылу барысы жан-жақты қаралды.
Отырысқа жетекшілік еткен Нұрғиса Жалғасбаев биылғы жылы жоспарланған іс-шаралардың толық әрі сапалы орындалуы үшін мемлекеттік органдар мен депутаттық корпус өкілдерінің белсенділігі айрықша маңызды екенін атап өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқап баяндама жасады. Оның айтуынша, есепті кезеңде бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 76 іс-шара жоспарланып, жыл басынан бері оның 7-і орындалған. Сонымен қатар бөлім басшысы орындалуында қиындықтар туындауы мүмкін бірқатар тармақтарға тоқталып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді.

Жиынға арнайы қатысқан партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш орындалмау қаупі бар әрбір іс-шараны жеке-жеке саралап, олардың негізгі себептерін атап өтті. Басым бөлігінің негізгі себебі қаржыландыру мәселесі. Бұл бағытта облыстық партия филиалына тиісті ұсыныстар жолданатынын жеткізді.

Фракция отырысының қорытындысында сайлауалды бағдарлама міндеттерін толыққанды орындау үшін барлық мүдделі тараптардың өзара үйлесімді жұмыс жүргізуі қажет екені баса айтылды.

#AMANAT
18 наурыз 2025 ж. 314 1

Layne от 8 маусым 2025 17:02
Nicely put. Regards! casino en ligne France With thanks! Quite a lot of knowledge. casino en ligne France Thank you! I value it. casino en ligne Thanks a lot. I appreciate this! casino en ligne Beneficial advice, Thanks a lot! casino en ligne France Truly tons of terrific data! casino en ligne France This is nicely said! . casino en ligne You actually revealed this perfectly. casino en ligne francais Amazing a good deal of fantastic info. casino en ligne francais Thanks. I value it. casino en ligne fiable

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031