Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің қатысуымен депутаттық фракция отырысы өтті

Аудан әкімінің қатысуымен депутаттық фракция отырысы өтті


Бүгін партияның аудандық филиалында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасының Қазалы ауданына қатысты іс-шаралардың ағымдағы жылдың 10 айында іске асырылу барысы мен орындалуы және орындалмау қаупі бар шаралар барысы қаралып, аудан әкімінің хабарламасы тыңдалды.

Өз кезегінде аудан басшысы бағдарламадағы ағымдағы жылға жоспарланған 77 іс шараның есепті кезеңде басым бөлігі орындалғанын айтып, атқарылған оң нәтижелі жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының Үкіметпен бірлесе жүргізіп жатқан ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының ауданда жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Жиында аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Әділбек Сарабеков сөз алып, бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында ауқымды жұмыстар іске асырылып жатқанын айтып, алда жоспарланған маңызды жұмыстарға сәттілік тіледі.

Отырыс қорытындысында Ғазиз Әлмәмбетұлы Жол карта іс шараларын сапалы әрі тиімді іске асыру партияның әрдайым күн тәртібіндегі мәселесі екенін, ал оның сапалы орындалуы мемлекеттік органдар мен депутаттық корпустың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асатындығын жеткізді.

#AMANAT
15 қараша 2024 ж. 190 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031