Аудандық мәслихаттағы фракция отырысы өтті
Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы қаралды.
Оған фракция мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Фракция отырысына филиалдың Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Нұрғиса Жаппарбергенұлы төрағалық етті.
Жиын барысында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы аудан бойынша биылғы жылы орындалмау қауіпі бар ауыл шаруашылығы саласында ашылатын жұмыс орындары туралы тоқталып өтті. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру тармағының аудан бойынша орындалуын баяндады.
Жиын қорытындысы бойынша депутаттық фракция отырысына ұсынылған барлық мәселелер толықтай қаралып, фракция мүшелері тарапынан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша ұсыныстар түсті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат