Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірі – өнеге, тағдыры – тағылым

Өмірі – өнеге, тағдыры – тағылым

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деген халық даналығында. Расында бұл фәниде ұстаз тәлімін алмаған жан жоқ шығар, сірә! Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі десек, сол ұрпақтың бойына білім нәрін сіңіретін ұстаздар қашанда құрметке лайық. Бұған дейін газет бетіне кейінгі буынға үлгі болып, әрбір қазақ жасының көзін ашып, білім нәрімен сусындатқан ардақты ардагер ұстаздар жайлы жазып келеміз. Олардың әрқайсысының орны ерек, мәртебесі биік. Бүгін біз әңгіме еткелі отырған Қази Батайұлы да сол асылдардың қатарынан.
Қазидың әкесі Батай есепші болып қызмет атқарған, ұжым арасында беделді артқан, елге қолы ашық, жүрегі кең азамат ретінде белгілі кісі болса керек. Ал Фатима отбасының ұйытқысы болып, Қази, Ерсайын, Ерболат және Шымболат есімді төрт ұл тәрбиелеп өсірген құрметті ана. Үйдің үлкені Қази 1946 жылы 22 маусымда, сұрапыл соғыстан соң ел етек-жеңін жинап жатқан тұста Бозкөл ауылында дүниеге келген.
Кейіпкеріміз 1953 жылы Бозкөл ауылының №96 орта мектебінде алғаш хат таныған. Сегізінші сыныбында Әйтеке би кентіндегі №420, қазіргі №70 қазақ теміржол мектебіне ауысады. Ол мектеп қабырғасында жүріп нағашысы Санау Қабыловтан, Нәби Жәлімбетов пен Қобылаш Жаймұратов секілді атпал азаматтардан домбырада ойнауды ғана емес Сыр бойы күйшілерінің шығармаларын да үйренеді. Мектепті бітіремін дегенше қоғамдық жұмыстарға қатысып, мерекелерде, ашық тәрбие сағаттарында белсене араласқан. Осылайша қазақ теміржолмектебін күміс төсбелгімен тәмамдаған.
Содан кейін 1964-66 жылдары Басықара плотинасында жұмыс істеп, 1966 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститетінің тарих факультетіне түсіп, оны 1971 жылы бітірді. Араға жыл салып, Қызылорда облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасында әдістемелік кабинет методисі қызметін атқарған.
Сонда жүріп саланың қыр-сырын меңгеріп, әріптестері арасында беделі артқан Қази аға "Үздік әдіскер" атағын алады. Мұнан соң 1972-1978 жылдары Қызылорда Кооперавтивтік техникумында саяси экономия пәнінен дәріс берді. 1983 жылы бірқатар мектеп, училищелерде сабақ беріп келді. Араға бес жыл салып отбасы жағдайымен 1988 жылы туған жерге қайта оралды.
Елге оралған білім саласындағы білікті маманды Басықарадағы №182 қазақ орта мектебі қуана қарсы алды. Аталған білім ордасында жүріп ол аудандағы тұңғыш "Үздік мұғалім" атағын алды. 1998 жылы №170 қазақ орта мектебіне ауысты. 2009 жылға дейін ұстаздық жолында елеулі еңбек етіп, зейнет демалысына шықты.
Қази ағамыз бен өзінің өмірлік жары Гүлмараш Іскендірованы тағдыр жолықтырып,отасқан соң Аян есімді ұлды өмірге әкеледі. Астана медакадемиясынан білім нәрін сусындаған Аян бүгінде аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет істеуде. Оның жары да дәл осы мекемеде терапевт дәрігер. Қазір Қази аға ұлы Аян мен келіні Нәйладан Сағадия, Нұрияесімді екі немере сүйіп отыр.
"Жақсының жолымен жүрмекке" демекші, Қази Батайұлынан тәлім алған шәкірттерінің басым бөлігі бүгінде белгілі тарихшы маман атанған. Яғни, ұстазының сара жолын қуған. Мәселен, Қази ағаның шәкірттерінің бірі – Алмас Қаналиев №204 мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып істесе, Жаңылған Жұмахметова №170 мектепте сол бағытта шәкірт тәрбиелеп келеді. Кейіпкеріміздің тағы бір шәкірті Қазалының "Герадоты" атанған, білікті тарихшы, "Педагог-шебер" – Ғалымжан Жантөре. Бүгінде Қази Жүсіптің әрбір шәкірті дайындаған оқушылар түрлі республика, облыс, аудандық байқауларда бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрініп, топ жарып жүр. "Тауға жақындаған сайын оның биіктігін түсінесің" демекші, Қази Батайұлының жүріп өткен дара жолын жазған сайын, кейінгі ұрпаққа өнеге болар ұлы қызметті ұлағатты ісі оны "оқжетпестің" шыңындай көрінеді.
Алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген өміршең ой айтқанын қалай ұмытарсың! Бұл сөз қазақ қоғамындағы ұстаздың орнын анықтап тұр. Мақаланы қорытындылай келе, бүгінгі білім жолына жетелеген аяулы ұстаздарымыздың ұстазы болған Қази Батайұлының деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!

Серік АҚМЫРЗА
25 қаңтар 2025 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031