Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпаққа үлгі ұстаз-ана

Ұрпаққа үлгі ұстаз-ана

«Ғалым да, шахтер де бас иетін» ұстаздар қауымы ең үлкен құрметке лайық екені сөзсіз. Соңғы кездері «Алты алаштың басы қосылса, төр – ұстаздікі» деген тәмсіл де күшіне мініп келе жатқан тәрізді. Олардың мәртебесінің лайықты деңгейге көтеріліп келе жатқаны да өскелең ұрпаққа әсер етпей қоймасы анық. Әсіресе, ғұмырын бала сауатына, ұлт тәрбиесіне арнаған арда тұлғаларды насихаттау – жас өскіннің азамат ретінде қалыптасуына септесетіні сөзсіз. Осыған орай сенбі күні Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектепте Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, математик Гүлсайран Әблакиеваны еске алу кеші өтті.
Гүлсайран Әблакиева 1945 жылдың шілдесінде Арал ауданында дүниеге келген. Сондағы Т.Щевченко атындағы №13 мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетінде жоғары білім алып, математика мамандығын меңгереді. Алғашқы еңбек жолын Арал қалсындағы №15 орта мектептен бастайды. 1971 жылы Арал аудандық комсомол комитетінің секретары болып 18 жыл абыройлы қызмет атқарды. 1979 жылдан бастап дәм-тұзы таусылғанша Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте математика пәнінен сабақ беріп, жүздеген дарынды бала тәрбиелеп шығарды.
Тәрбие-тәлімі мол шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш пен аудандық білім саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Қуанышбай арнайы келіп, Гүлсайран апайдың еңбек жолы, өмірі жайында жылы лебіздерін білдірді. Сонымен бірге ұлағатты ұстаздың қара шаңырағының отын сөндірмей отырған елге сыйлы азамат Сәбит Өтегенов пен марқұмның туыстары сыйлы қонақ ретінде қатысып, ұйымдастырушы азаматтарға алғаусыз алғысын жеткізді.
Осы тұста айта кетейік, 2017 жылы Сәбит Өтегеновтің демеушілігімен білім ордасында ардагер-ұстаздың құрметіне арнайы кабинет ашылған. Шара барысында ұлы Серіктің қолдауымен ұстаз аллеясының лентасы қиылды. Жиналған меймандар алғаш болып жеміс ағаштарын отырғызды. Бұдан кейін Гүлсайран Әблакиеваға арналған «Кетпейсің, ұстаз-ана, ел есінен» атты аудандық спорт турниріне ұласты.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
12 сәуір 2022 ж. 809 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930