Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздық – ұлы іс

Ұстаздық – ұлы іс

Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, мектептің жүрегі, балаларды білім нәрімен сусындатып, бойына жақсы қасиеттерді дарытып, рухани адамгершілік тәрбиеге бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі ерекше зор маңызға ие.
Осы орайда кемеңгер жазушы М.Әуезов «Ұстаздық – ұлы іс» деп айтқандай, бұған лайық болу үлкен абырой. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Бүкіл ұстаздар қауымын әр баланың жан-дүниесін танып білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Осындай қызығы мен қиыншылығы мол мамандық иесі Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектептің педагог-зерттеуші санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Фарида Қожахметованың еткен еңбегі зор.
Мектеп атты қасиетті де, киелі шаңырақ құтты мекеннен, аяулы ұстаздан адамзат баласының барлығы тәлім-тәрбие алып, өсіп өнеді. Дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, мерейлі кәсібін таңдап, бүгінгі таңда оқушыларды білім нәрімен сусындауда. Фарида Қожахметова ұлы істің игі жолында аянбай қызмет жасап келеді.
Әріптестерінің айтуынша, абыройлы мұғалімнің жан дүниесіне кең өте байсалды, білімді, терең ойлы, тұла бойы тұнып тұрған талант иесі. Бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі ретінде бағаланады.
XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ? Әрине, өз кәсібінің майталманы, шебер ұстаз, осы мақсатта рухани күш-жігерін, парасат-қуатын аямай төккен еңбегінің арқасында Фарида апай өзімен бірге шәкірттері де заманауи көштен қалмай түрлі аудандық, облыстық, республикалық сайыстардан жоғарғы орындардан көрінді. Арнайы марапаттарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатып жүр.
Қорыта келгенде, болашағы баянды, келешегі кемел мемлекеттің осындай жүректері махаббатқа толы, сүйіспеншілігімен баурап алатын рухани бай жандардың өмірі үлгі-өнеге толы, болашақ ұрпаққа тәлім беруші ұлағатты ұстаздар қатары көбейсе, нұр үстіне нұр.
03 желтоқсан 2022 ж. 406 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930