Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шайыр мұрасы – рухани қазына көзі

Шайыр мұрасы – рухани қазына көзі

Лақалы ауылдық клубының қызметкері Айнұр Әлімбаеваның бастамасымен клуб жанындағы үйірме мүшелері Бозкөл ауылындағы Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектептегі Қарасақал Ерімбет атындағы тарихи-өлкетану музейіне арнайы барып, танымдық экскурсия өткізді. Музеймен таныстыруды мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Асылхан Келімбетов жүргізіп, оқушылар мен үйірме мүшелеріне ұлт руханиятының ірі тұлғасы, Сыр бойының дарабоз ақыны Ерімбет Көлдейбекұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы мол мағлұмат берді.
Сыр өңірінің айтулы шайыры, жазба және айтыс поэзиясының биік тұлғасы соңына мол әдеби мұра қалдырған. Жастайынан білімге құштар болып, Хиуадағы әйгілі «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Білім іздеу жолындағы талпынысы мен өмірлік ұстанымы оның шығармаларында анық байқалады. Ақындық жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы сынды атақты сөз зергерлері үлкен әсер еткен. Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарып, ел ісіне де араласқан Ерімбет көпқырлы тұлға ретінде танылған. Оның айналасында Базар Оңдасұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Омар Шораяқұлы, Әзілкеш Шымырұлы сияқты Сыр сүлейлері топтасып, қазақ әдебиетінің жаңа бір дәуірін қалыптастырған.
Музей экспозициясында шайырдың өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген жәдігерлер мен тарихи деректер қойылған. Үйірме мүшелері экспонаттарды тамашалап, Қарасақал Ерімбеттің қолданған көне бұйымдарын, қолжазбаларының көшірмелерін көріп, өмір жолы мен мұрасына қызығушылықпен тыңдады. Бұл танымдық іс-шара жас буынның туған жердің тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани құндылықтарға деген құрмет сезімін оятты. Осы сапар арқылы өскелең ұрпақ Сыр сүлейлерінің мәңгі өлмес мұрасымен етене танысып, олардың өнегелі өмірінен үлгі алды.

Гүлжан САУҚЫМОВА
04 қараша 2025 ж. 173 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 144

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 138

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031