Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяулы ұстаздар құрметке бөленді

Аяулы ұстаздар құрметке бөленді

Қазалыда ұлағатты ұстаздар қауымының кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз лайық құрметке» атты салтанатты шара өтті.
Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өткен мерекелік шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, барша ұстаздарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Ардақты білім саласының ардагерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше.
Егемен елімізді өркениетке бастар жолда бәсекеге қабілетті білікті маманды, мықты тұлғаны, елжанды азаматты қалыптастыратын ұстаз. Дана ой иелері де, қоғам қайраткерлері де ұстаздың алдында бас иеді. Мерейлі мерекелеріңізде Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін, – деді аудан әкімі.
Бұдан кейін білім саласында толағай табысқа жетіп, шәкірттерді шыңға шығарып жүрген бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді. Олар Оқу-ағарту министрлігі, облыс, аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мұнан соң мерекеге орай сахна төріне ау­дан әкімінің ықылас гүлі шығары-лып, бар­ша ұстаз­дарға құрмет көрсетілді.
Ұла­­­ғат­ты ұстаздардың мерейін үстем еткен көңілді кеш­те өнерді жанына серік еткен аяулы ұстаздар мен өнерлі оқушылар ән-күйден шашу шашып, көп­шілік­тің көңілін бір серпілтіп тастады.
Мерекелік шара Е.Бозғұлов атындағы мектеп-лицей оқушыларынан құралған қордың орындауындағы «Ұстазым» әнімен қорытындыланды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
08 қазан 2024 ж. 316 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930