ChatGPT енді медицина мен құқық саласы бойынша кеңес бермейді
Фото: istockphoto.com
OpenAI компаниясы өз өнімдерін пайдалану саясатына өзгерістер енгізді. Жаңартылған ережелерге сәйкес, енді ChatGPT заң, медицина және басқа да бірқатар мамандандырылған тақырыптар бойынша кеңес бере алмайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа ережелер жеке деректердің қорғалуын да қамтиды: адамның келісімінсіз оның бейнесін немесе дауысын, соның ішінде шынайы портреттерді жасауға болмайды. Сондай-ақ адамның жеке сипаттамаларына сүйене отырып, оның қылмыс жасау қаупін бағалау немесе болжау да тыйым салынған.
Бұдан бөлек, OpenAI өз қызметтерін қорқыту, қудалау немесе жала жабу мақсатында пайдалануға қатаң тыйым салынатынын еске салды. Сондай-ақ суицидті, тамақтану бұзылыстарын, жыныстық зорлық-зомбылық пен терроризмді насихаттау, қару сатып алу немесе қолдану да тыйымға жатады.
Кәмелетке толмағандарды қорғауға ерекше назар аударылған — енді балалардың сырт келбетіне қатысты пікір білдіру, оларға зиянды тамақтануды насихаттау немесе жас шектеуі бар контент пен тауарларға қолжетімділік беру рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар OpenAI платформаларын ақшалай ставкалар қойылатын құмар ойындарын жасау немесе пайдалану үшін қолдануға да қатаң тыйым салынады.
Бұған дейін хабарланғандай, ChatGPT-дің «сауатты пайдаланылуын» арттыру мақсатында OpenAI ұзақ сөйлесу сессиялары кезінде үзіліс жасау туралы ескертулерді енгізген.
OpenAI компаниясы өз өнімдерін пайдалану саясатына өзгерістер енгізді. Жаңартылған ережелерге сәйкес, енді ChatGPT заң, медицина және басқа да бірқатар мамандандырылған тақырыптар бойынша кеңес бере алмайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
— Біз өз құралдарымыздың қауіпсіз әрі жауапкершілікпен қолданылуын қамтамасыз етуге және олардың пайдаланылуын барынша бақылауда ұстауға ұмтыламыз, — делінген хабарламада.
Атап айтқанда, енді білім беру, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй, қаржы және несие беру, сақтандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер, көші-қон және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты кеңес беруге тыйым салынады.Жаңа ережелер жеке деректердің қорғалуын да қамтиды: адамның келісімінсіз оның бейнесін немесе дауысын, соның ішінде шынайы портреттерді жасауға болмайды. Сондай-ақ адамның жеке сипаттамаларына сүйене отырып, оның қылмыс жасау қаупін бағалау немесе болжау да тыйым салынған.