Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос ұстаз қуанышы

Қос ұстаз қуанышы

Ұстаз болу – жүректің ұлылығы екенін жұрт елде карантин режимі енгізілгенде анық түсінді. Бұған дейін кейбір ата-аналар баланың оқу бағдарламасына үлгере алмауына мектептегі оқытушыларды кінәлап келген болса, осы сәтте тұтас сынып былай тұрсын, өзінің жалғызын таңның атысынан кештің батысына дейін тәрбиелеп, білім беру бір атанға жүк болатынын ұғынды. Өткен жылы қабылданған мұғалім мәртебесі туралы заңды кемеліне жеткізіп жібермесе де, беделі биік мамандықтың қадіріне жете білді. Ал жақында өскелең ұрпаққа тәрбие, білім беруде көпшіліктің ілтипатына бөленіп жүрген қазалылық қос ұстаз абырой биігінен көрінді.
«Мәртебелі ұстаз – ел мерейі» атты салтанатты шарада аймақтағы білім саласының дамуына айрықша үлес қосып жүргендерді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова арнайы марапаттады. Биыл бірнеше мәрте тағайындалып отырған «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» деп аталатын төсбелгі мен 833 мың теңгелік бір реттік сыйақыға №226 мектеп-гимназияның мұғалімі Нұргүл Балғараева лайық деп танылды. Сонымен бірге Қазалы қаласындағы аграрлы-техникалық колледжінің мұғалімі Жания Ысмағұл аймақ басшысының атынан 10 ұстаз 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бірретік сыйақының иегері атанды.
Соңғы бірнеше жылда қазалылық ұстаздар облыс, республика деңгейінде жеңімпаз атанып жүргені қалыпты жағдайға айналып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесін арттыруға бағытталған кешенді жоспары да мәртебелі мамандық иелерінің үздіктер қатарынан табылуға деген ұмтылысын еселеп жібергендей. Шәкірт тәрбиесіне келгенде ішкен асын жерге қоятын ұстаздар осы бағытынан таймаса көп ұзамай Қазалы ауданы үздік ұстаздар ұстаханасына айналатынына күмән жоқ.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
05 қаңтар 2021 ж. 2 608 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930