Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерімбет рухы жырмен жаңғырды

Ерімбет рухы жырмен жаңғырды

Биыл дүлдүл сөздің дүрі, шын тұлпардың бірі – Ерімбет Көлдейбекұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай Бозкөл ауылдық мәдениет үйінде «Қарасақал Ерімбет – жырдың селі» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.
Шараны ауыл әкімі Ақылбек Бөлебай ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанұзақ Келімбетов сөз алып, мүшәйраның жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.
Жыр додасына ауданға қарасты ауылдық елді мекендерден 11 талапкер қатысып, өздерінің жүректен шыққан өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде бас жүлдені Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектептің 10-сынып оқушысы Кәусар Тасқали жеңіп алды. Бірінші орын лақалылық Балнұр Қасымға бұйырды. Екінші орынды кәукейлік Таңсұлу Жаңғазиева мен қожабақылық Нұрай Нұрмаш еншіледі. Ал қазалылық Дарын Жақсылық, абайлық Ақжан Бекарыстан және басықаралық Гүлзада Әби үздік үштіктің қатарын толықтырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Ал байқауға белсенді қатысқан өзге жас ақындар түрлі аталымдармен марапатталды.
Атап айтсақ, арандылық Аяна Наурызбай "Үздік жас ақын", Тасарық ауылынан қатысқан Мансұр Құттыбай "Көрермен көзайымы", өркендеулік "Ақбота Сақа "Ең маңызды туынды", Бірлік ауылынан қатысқан Асылжан Ордабай "Талантты ақын" аталымын иемденді.
Осылайша, шайыр рухына арналған бұл шарада жас буын бабалар аманатына адалдық танытып қана қоймай, жыр арқылы мәңгілік мұраны жаңғыртып, ұлттық рухты жаңаша серпілтті.
Арайлым ЖҮСІПОВА
04 қараша 2025 ж. 172 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 144

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 138

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031