Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан 2026 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын бағалаудың жаңа жүйесіне көшеді

Қазақстан 2026 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын бағалаудың жаңа жүйесіне көшеді

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін зейнетақы активтерін басқарудың жаңа қағидаларын бекітті. Басқарушы компаниялардың қызметін бағалау жүйесі құрамдас индекстерге (бенчмарктерге) көшірілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған индекстер Қазақстан және әлемдік қор нарықтарының көрсеткіштерін қамтиды. Мұндай тәсіл зейнетақы активтерін басқару нәтижелерін жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Енді басқарушы компаниялар салымшыларға әртүрлі тәуекел деңгейі, табыс және инвестиция мерзімі бар стратегияларды ұсына алады. Бұған қоса, инвестициялық мүмкіндіктер кеңейтілді. Яғни, зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі ұлғайып, оларға тиісті лимиттер белгіленді.

Сондай-ақ ерікті активтерді қайтару тетігі енгізіледі. Осылайша, басқарушы компаниялар зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлттық банкінің басқаруына қайта тапсыру құқығына ие болмақ.

Жаңашылдықтың нәтижесі қандай болмақ?
“Жаңа тәсілдер зейнетақы активтерінің ұзақ мерзімді табыстылығын арттыруға, басқарушы компаниялар арасында бәсекелестік ортаны күшейтуге және салымшыларға өз жинақтарын әртараптандырудың кең мүмкіндіктерін ұсынуға мүмкіндік береді”, – дейді ретттеуші органдар.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтынан оқи аласыз.
03 қараша 2025 ж. 234 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 28

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 31

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 34

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031