Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздың ұстазы

Ұстаздың ұстазы

Ұстаздар жайында Уинстон Черчилль: «Мектеп мұғалімдері Премьер-министрлердің қолында жоқ билікке ие» деген екен. Мемлекет болашағының тұтқасы – жастарды тәрбиелеуде ұстаздың рөлі жоғары екенін, тіпті, бір елдің тағдыры соның қолында екенін меңзесе керек. Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасайтын ұстаз өмірі қиындық пен қуанышқа толы. Ендеше, ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық емес.
Шәкірт тәрбиесінде ерекше орны бар, өзіндік ұстанымы, өзіне тән соқпағы бар деп айтуға болатын ұстаз Құрманбай Баймаханов туралы сөз қозғағым келеді. Ол 1928 жылы Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық кеңесіндегі Көларық колхозында дүниеге келген. Әкесі Баймаханнан төрт, анасы Шынардан екі жасында айырылып, жетімдіктің жүгін көтерген жастың балалық шағы да болмағандай.
1943 жылы Көларықтағы жетіжылдық мектепті бітірген болашақ ұстаз Қармақшы ауданындағы мұғалімдер даярлайтын курстан білім алуға аттанады.
1944-1946 жылдары Қазалы ауданындағы Дмитриев жетіжылдық мектебінде тарих, география пәнінен сабақ береді. Білім жолында ізденуден шаршамаған Құрманбай Баймаханов кейіннен Қазалы педагогикалық училищесінде оқуын жалғастырады да, 1947-1950 оқу жылында 1 Май, Табанкөл мектебінде бастауыш мұғалімі болып қызмет атқарады.
1950-53 жылдары Абай мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1953-1956 жылдары Аманкелді мектебінің директоры болады.
Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтта жоғары білім алған азамат 1956-1974 жылдары “Майлыбас”, “Аманкелді”, “Шәкен”, “Бірлік” ауылдарының мектебінде директор қызметін атқарып, педагогикалық ұжымға әділ басшылық жасаған. Саналы ғұмырын ағарту, білім беру саласына арнаған ұстаз 1988 жылы зейнеткерлік демалысына шығады.
Ұстаздығы мен азаматтығы бір төбе Құрманбай Баймахановтың ауданның білім саласын өркендетуге қосқан еңбегі елеусіз қалмақ емес. Ол әр жылдары Қызылорда облыстық білім басқармасының, Қазалы аудандық білім бөлімінің “Мақтау грамотолары”, Алғыс хатын иемденген. Қазақстан ­Республикасы, Қызылорда облысы және Қазалы ауданы Ардагерлер кеңесінің Алғыс хатына ие болуы азамат ретінде қоғамда белсенділік танытқанының айғағы.
Еліне еңбек еткен ерлер елеусіз қалмайтыны рас. Ұстаз өз кезегінде “Еңбек ардагері”, “Ұлы Отан соғысының 50, 60, 65 жылдығы”, “Қызылорда облысына – 70 жыл”, “Жанқожа батырдың – 240 жылдығы” мерекелік медальдарымен марапатталды. Оған 2011 жылы Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген.
Отбасында аяулы жары Үрзада екеуі 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, олардан 25 немере, 19 шөбере сүйген. Өмір – барлық адамға өлшеулі. Өзіне берілген уақыт ішінде ғибратты ғұмыр кешіп, бір әулеттің мәуелі бәйтерегіне айналған ардақты ұстаздың есімі артында қалған халқы мен білім шырағын жаққан жүректерде мәңгі сақталады.

Д.БӨКЕБАЙ
12 қазан 2021 ж. 558 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930