Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Telegram»-ның Қазақстанға жауапты кеңсесі Астанада ашылатын болды

«Telegram»-ның Қазақстанға жауапты кеңсесі Астанада ашылатын болды

Фото: Рixabay
Сенаттың жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Telegram»-ның Қазақстанға жауапты кеңсесі қай қалада ашылатынын айтты.
«Біз Аstana халықаралық қаржы орталығының базасында «Telegram»-ның кеңсесін ашып жатырмыз. Контентті модерациялауға жауапты нақты адам анықталады. Егер зорлық-зомбылыққа шақыру немесе есірткінің заңсыз айналымымен байланысты заң бұзу фактілері тіркелсе, Telegram біздің өтініштерімізді жылдам қарап, арналарды бұғаттап, жоюға көмектеседі», - деді министр.
Бұған дейін Telegram Қазақстандағы өкілін тағайындап, кеңсесін ашатыны хабарланған.
Бірақ ол кеңсенің қай қалада болатыны нақты айтылмаған еді.
«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», — деген Жаслан Мадиев.
Осыған дейін Жаслан Мәдиев 2027 жылға дейін 3 мыңнан астам ауылға оптикалық интернет жеткізілетінін хабарлады. Соның ішінде 1 400-ден астам ауылға мобильді интернет те тартылады. Байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде бұл ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету ескеріледі.
31 қазан 2024 ж. 50 0

eGov Mobile-ға 5 жыл

31 қазан 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930